[:kz]
Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жақындарынан құралған топ алтыншы тәуліктен бері табылмай жатқан 18 жастағы Айгүл Амангелдіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бойжеткен 13 мамыр күні Алматы облысы Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып, Алматыдағы оқуына бағыт алған. Студенттен содан бері хабар жоқ
Талғар ауданының полция бөліміне оның жоғалып кеткені жайлы арыз түскен бойда тәртіп сақшылары ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған. Олардың құрамына облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, «Лидер» қоғамдық ұйымының еріктілері және «Қоғам» жасағы кірген.
Еске сала кетейік, Айгүл Амангелдінің бойы: 165-70 см, орта денелі. Шашы-сарғылт, көзі көкшіл-сұр. Бет-әлпеті дөңгелек, қасы қара түзу.
Бойжеткеннің үстінде ақ жейде, көгілдір джинс шалбар, ақ және алтын түстес аяқ киім мен рюкзак іспеттес қоңыр былғары сөмке болған.
Тәртіп сақшылары Айгүлді көрген немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат білетін жан болса төмендегі нөмірлерге хабарласуын сұрайды: +7 7282 600 232, +7 7282 600 233, +7 727 295 61 05, +7 727 295 63 96 немесе 102.
[:]