[:kz]
«Қанша қазаққа, қанша қазақы азаматқа, аузының дуасы бар деген қанша танымал тұлғаға «ифтар» емес, «ауызашар», «ауызашар», «ауызашар» деп талмай айтып келеміз. Сонда да қоймай ифтар дейді.
Ауызашар туралы көлемді мақала жазып, бір сөзді қайталай бермес үшін қолданса бір сәрі. Бізге ауызашарға келіңіз, бірге отырып ауыз ашайық дегеннің не ыңғайсыздығы бар?
Әлде қазақтың сөзі боғауыз болып естілетіндей жиіркенішті жағдайға жетті ме? Қазір дәмханаларға барсаң ифтар мәзірі деп тұрады. Бұны кім қадағалайды өзі?
Имамдардан, тіл комитеті мен тіл басқармаларанынан өтінсек бола ма?
Ағайындар, азаматтар, біздің тым еліктегіш халық екенімізді, өзімізден өзгенің сөзін қадірлейтінімізді ескерсеңіздер, қазақты аясаңыздар деген өтінішім бар.
Құдай үшін, ифтар емес, Ауызашар деп айтайықшы»
Мәди Манатбек
Instagram парақшасынан
[:]