[:kz]
Осыдан бірнеше күн бұрын жоғалған Талғар ауданынының тұрғыны 18 жасар Айгүл Амангелді өлі күйінде табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rozysk_kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Жоғалып кеткені туралы хабарландыруда — «Табылды, қайтыс болды», деп жазылған. Әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
Айгүл Амангелді 13 мамыр күні Белбұлақ ауылындағы үйінен Алматы қаласына сабаққа барамын деп шығып, із-түзсіз кеткен. Қыздың жоғалғаны туралы ақпарат Талғар аудандық полициясына түскен. Хабарландырудан кейін дереу іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздеу амалдарына Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, ТЖ құтқарушылары, «Қоғам» тобы және «Лидер» қоғамдық қорының еріктілері қатысты.
Естеріңізге сала кетсек, із-түзсіз жоғалған қызға мемлекетаралық іздеу салынған болатын.
[:]