[:kz]
Бурабайда демалып жүрген Мадина Сәдуақасова ұялы телефондағы қосымшаның көмегімен түрін адам танымастай өзгертіп, жұртты күлкіге қарық қылды. Әнші видеосын өз парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отандық эстрада жұлдызы жұртты 35 жасқа жасартып жіберетін демалыс орнына шақырды.
Осылай әзілдеген ол өзінің жеті күнде қатты өзгеріп кеткенін айтқан.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншіге түрлі пікірлер жазып қалдырған.
«Өтірік айтпасаңшы, ұят емес пе?», «Ергежейлі адамға ұқсап қалыпсыз», «Біртүрлі екен», «Еріккен», «Қарау қорқынышты», «Керемет», «Осы қандай қосымша?» деген олар.
[:]