АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Коммунистердің Ленин ауласын сыпырғаннан басқа, елге пайдасы бар ма?

[:kz]

26 мамыр күні Алматы қалалық сайлауалды штабының белсенділері мене өкілдері Владимир Лениннің ескерткіші орналасқан саябақ аумағында тазалау жұмыстарын жүргізіп, ағаштарды әктеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚКХП баспасөзқызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тазалау жұмыстары барысында белсенділер үміткер Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасын талдап, батыстың кері ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту керектігіне тоқталды.Әсіресе олар батыстың ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрі біздің Отанымыз үшін қауіпті екендігін айтты.

Эгоцентрлі индивидуализм жаңа батыстық дәстүр ізбасарларының мінез-құлқына тән болып табылады. Ол көпұлтты Қазақстан халқының бірегей мәдениетіне, біздің ділімізге, моральдық межемізге жат», — деді сайлауалды штаб өкілдері.

Qamshy.kz 

 

[:]