[:kz]
Боксшы Геннадий Головкин шетелдік журналистерге Лос-Анджелестегі өмірі жайында айтып берді. Бұл туралы sports.kzсайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Отандық спортшы Лос-Анджелеске деген махаббаты шексіз екенін алға тартты.»Маған Лос-Анджелес ұнайды. Мен мұнда отбасым үшін, әйелім мен балам үшін көшуді армандағанмын. Бұл жақта өзімнің және баламның болашағы үшін тұрғым келеді. Бұл таңғажайып жер.
Менің ұлым Лос-Анджелестегі барлық спортты жақсы көреді. Рас, балалардың барлығы боксты емес, «Лейкерс» пен ЛеБроне Джеймс жайында айтады», — деді Головкин.
Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкин мен жұбайы Алина тоғыз жасар ұлдары Вадим мен бір жасар қыздарын тәрбиелеп отыр.
Вадим жергілікті жасөспірімдік хоккей тобында ойнайды, кейде әкесімен бірге ҰХЛ матчтарына барады.
[:]