[:kz]
Дана Нұржігіт өзіне ауыр пікір жазып, намысына тиген желі қолданушысын орнына қойды. Тележүргізуші жеке өміріне араласқан желідегі әйелді Instagram парақшасына шығарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ал тележүргізуші жазба авторының бұл пікірі ұлтаралық мәселе тудырып отырғанын ашып айтты.
«Мынаны жазып отырған адам қаншалықты ауыр сөз екенін түсініп отырған шығар. Ұлтаралық мәселе болғаны былай тұрсын, отбасылық тыныштыққа төнген қауіп. Баламның намысы, өзімнің денсаулығым…Үндемей өшіріп тастасын! Халықтың арасынан шықсаңыз, бүркенбей, бетіңізді ашыңыз! Құзырлы органдардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Жетер енді», — деп жауап жазды.
Желі қолданушылары Дана Нұржігітке мұндай адамдарды тек қара тізімге жіберу керектігін айтып, кеңес берген.
«Сіздің даналығыңыз да, даралығыңыз да соқырға таяқ ұстатқандай айқайлап тұр ғой», «Өмір жолындағы көшіңізді тоқтатпаңыз, артқа қарап арпалысатын кез емес», «Салған суретіңіздің астындағы әр пікірге жүрегіңізді ауырта берсеңіз ненің қалады?», «Ең оңай жолы сізді оқи алмайтындай етіп блокқа қойып тастау» деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Дана Нұржігіт 2017 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.
[:]