АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кашпировский Шымкентте 25 күн емдік сеанс өткізді[:]

[:kz]

Шымкентке есімі әлемге әйгілі психотерапевт Анатолий Кашпировский келіп, 5 – 30-мамыр аралығында емдеу сеанстарын жүргізді. Сеанстар әр тәулік сайын екі мәртеден, күндізгі 15.00-ден 17.00-ге дейін және 19.00-ден 21.00-ге дейін жүргізілді. Күндізгісі – тегін, кешкісі ақылы түрде (5000 – 7000 теңге аралығында) өткізілді. Бұл күндері мыңдаған шымкенттіктер мен қала қонақтары белгілі психотерапевттен ем алды. Сеанстарға тіпті өзге облыстар мен қалалардан да арнайы келіп қатысқандар болды. Естуімізше, Германиядан да бір-екі қандасымыз арнайы келіп қатысыпты.

Біз осы күн­дері ем алған біраз азаматтармен тіл­дес­кен едік. Олардың барлығы да өзін мазалаған түрлі дерттен арылғанын айтып, Кашпировскийге деген ризашылығын білдірді. Солардың бірқатарының айтқандарын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Ізбасхан Аманбаев Шымкент қаласының тұрғыны: Менің жасым – 70-те. Простатитпен ауыратын едім, кіші дәретке түнімен төрт-бес мәрте баратынмын. Кашпировскийдің сеанстарына бүгін 9-шы күн келіп тұрмын. Жағдайым жақсы, простатит мазаламайтын болды. Көзім нашар көретін, бір көзім тіпті де көрмей қалған еді, дәрігерлер оған ота жасаса да нәтиже болмайтынын айтқан. Осы 9 күннің ішінде көзім шырадай ашылды. Қазір ұсақ шрифтпен жазылған жазуларды да қиналмай оқи беретін болдым.

 

Мұрнымның бір қуысынан ауа өтпейтін, ішіне ет өскен. Қазір ол да ашылды. Белім ауыратын, отырып-тұруым қиын еді. Ал қазір  жеңіл жүріп-тұрамын, қиналмай иіліп-бүгіліп, бір орында 500-ге дейін отырып-тұра алатын болдым.

Кәмшат Дәуітова, Шымкенттен: Менің жасым – 85-те. 4-ші мәрте келіп тұрмын. Грыжа, астма бар, асқазаным ауыратын еді, бәрі сап тыйылды. Кашпировский деген бала жақсы ғой, талай адамға шипасы тиіп жатыр. Бірақ бір қиын жері – мұндағылар жасың үлкен деп ішке кезексіз өткізе салмайды екен.

Гүлнәр Райымбекова  Шымкент қаласынан: Менің келіп қатысып жүргеніме – 15-ші күн. Мұрным бітеліп, демала алмай қалатын едім. Он жыл болған. Кашпиров­скийдің сеанстарына келген алғашқы күннен-ақ ашыла бастады. Ұйқысыздық қинайтын, одан да құтылдым.

Өзім буын ауруы бойынша 3-ші топ мүгедегімін. Қазір буындарым да ауырмайтын болды. Бойыма ерекше қуат құйылғандай, өзімді жеңіл сезініп жүрмін.

Сеанс басталғанда залға адам симай қалады, адамдар жолға, есіктің алдына дейін лық толады. Зал 500 орындық екен, сеанс кезінде 700 – 900 адамға дейін жетіп қалады-ау деп ойлаймын.

 

Бір жайсыз жағы, кейде адамдар орынға таласып, ұрысып, төбелесіп қалып та жатады. Мұндайда көрсе, Кашпировский сабырға шақырады. «Мен шымкенттіктерді өте сыйлаймын. Мұндай жаман нәрсе көрсетпеңіздер. Бұл жақтан сіздерге деген жақсы оймен аттана­йын», – деп айтады. Жұрт, әрине, тыншып қалады.

 

Мына жұртшылықтан сұрап көріңіз, әрқайсысы әйтеуір бір дертінен арылғанын айтып, риза болып жүр. Өзімнің жиен немере қызымның ұйықтап жатқанда үлкендер сияқты қорылдайтыны, тұншығып, шашалып қала беретіні бар еді, оны да ертіп келгенмін. Бір таңқалғаным – осы сеанстардан кейін одан арылды.

 

Ирина Паламарчук , Шымкент қаласының тұрғыны: Мен сеанс­тарға 6-мамырдан бері қатысып жүрмін. Осыдан 30 жыл бұрын Кашпиров­ский­дің телеарнадағы сеанстары арқылы емделіп, жанымды қинаған бас ауруынан құтылғаным бар еді. Ауыр ми шайқалуынан кейін пайда болған дерттен 7 жыл бойы қиналғанмын. Құдіретіне сенбесем де телесеансқа қатысып, аурудан айыққанмын. Шымкентке 1992 жылы келгенінде сеансына қатыса алмағанмын. Енді ести сала бар шаруаны жиып қойып, осы сеанстарына қатысып жүрмін. Менде фиброматоз бар еді, дәрігерлер үнемі тексереді, операция жасау керек дейтін, дәрі-дәрмектер беретін. Бірақ одан ем болмады, үнемі өзімді жайсыз сезінетінмін, етпетімнен жатсам, жаным көзіме көрінетін. Мына сеанс­тарға қатысқалы бері содан құтылдым. Қазір жағдайым өте жақсы. Құдай бұл кісіге ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін. Әлі де талай жандарға шапағаты тиері сөзсіз.

Ділнаваз Шүкірова, Шымкенттен: Осы жерге бір әйел келіп жүр еді, «женский» дерттерден қиналып жүрген. Сол айтады, 5 сеанс­тан кейін жағдайым жақсарып кетті дейді. «УЗИ»-ге түсірсе, ауруынан із де қалмапты. Соған қуанып, Кашпировскийге алғысын жаудырып жүр.

Ал өзімнің келіп жүргеніме 4-ші күн болды. Гинекологиялық дерттер, ұйқысыздық мазалайтын еді, қазір жағдайым жақсарды. Қызығы, білегімде «шишка» бар еді, 5 жылдан бері мазамды алып жүрген, енді сол кішірейіп жатыр, ауырмайтын болды.

…Міне, А.Кашпировскийдің сеанстарына қатысу мүмкіндігіне ие болған жандар осылай дейді. 

Емшінің сеанстары қаланың «Нұрсәт» шағын ауданындағы Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының залында өткізілді. Яғни оны Кашпировский жалға алған екен. 15.00-де басталатын сеанс­қа жұрттың таңғы 7.00-ден бастап жиналатыны туралы естідік. Біз барған кезде сағат таңертеңгі 9.30-дың шамасы еді, соның өзінде ол жерде шамамен 150-дей адам жүрді.

Сеанс кездерінде Кашпировскийдің бірқатар кітапшалары, журналдар, емдік тұз сатылыпты. Әрқайсының бағасы 1000 теңгеден. Бізге сұхбат бергендер оларды да үйіне апарғасын туыстарын, балаларын түрлі жайсыздықтардан емдеп, оңдынәтиже көргендерін айтып жатты.

Ал Кашпировский сеанс кезінде, өмір, адамгершілік қарым-қатынас, дерттің неден пайда болатыны, оған ұшырамас үшін адам қандай болуы керектігі жайында әңгімелейді екен. Бұл кезде жанға жайлы музыка ойнап тұрады. Кашпировский сеанс кезінде бірнеше адамды сахнаға шығарып, сосын оларды еркінен тыс құлатып та емдепті.

«Бұл көзбайлау емес, есіңнен адаспайсың, бәрін естіп-біліп тұрасың. Кейін өзіңді өте жайлы сезінесің», – дейді бізге сұхбат берген Гүлнәр Райымбекова бұл жөнінде.

Қысқасы, жасы бүгінде 80-ді алқымдап отырған (ол 1939 жылғы тамыз айында Украинада өмірге келген) Кашпировскийдің жұртқа дарытқан шипасы туралы осындай әңгімелер естіп қайттық. Ал Кашпировский Шымкентке сонау 1992 жылы да бір келген көрінеді. Соғыс жылдарында анасы мен үш бауыры Қазақстанда болған деседі, содан ба, Қазақстанға бүйрегі бұрып тұрады екен.

Замана

 

[:]