АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Альбина Шардарова ана атанды[:]

[:kz]

Бүгін танымал әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов ата-ана атанды. Қуанышты жағдаймен жас жұбайлар инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Былтыр шаңырақ көтерген жұлдызды жұп қуанышты хабармен өз парақшаларында жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Жас отбасының тұңғышы- қыз бала.

«Сүйінші! Алланың қалауымен ата-ана атандық. Бізде бәрі жақсы, шүкір! Баршаңыздың дұға-тілектеріңізге Алла разы болсын. Мен де тілеулеспін сіздерге, әсіресе осындай бақытты күтіп жүрген жандарға қабыл болсын», — деп тілекші оқырмандарына алғыс білдірді жас әке.

Тұңғыштарымен суретке түсіп, желгіе жүктеген бойда оқырмандар құттықтау айттып жарысты. 

«Алла өрісіңді кеңейтсін досым. Жөргегің босамасын! Шаңырағыңа шаттықпен келсін шақалағың!», » Отбасыларыңмен аман-есен, бақытты болыңдар!», «Ханшайымның бауы берік болсын! «, — деп оқырмандары жүрекжарды тілектерін жаудырды.

Stan.kz

[:]