АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр (фото-шолу)[:]

[:kz]

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау бюлетеніне ОСК-ға ресми тіркелген жеті үміткердің есім-сойы жазылған. Олардың төртеуі саяси партияның, екеуі республикалық қоғамдық ұйымның және біреуі Кәсіподақтар федерациясының атынан ұсынылған.

Ресми тіркелген үміткерлер өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын 7 маусымда аяқтады. Кеше Қазақстанда тыныштық күні болды.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру бүгін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Қазір Қазақстанда және оның аумағынан тыс жерлерде ұзын-ырғасы 9968 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.

Осыған дейін Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі тіркелген учаскеге барып, дауыс берген еді.

Жалпы, президент сайлау қалай өтіп жатыр? Елбасынан өзге қай саясаткерлер дауыс беріп үлгерді? Әлеуметтік желідегі ақпараттардан фото-шолу ұсынбақпыз…

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгін Президент сайлауы өтіп жатыр. Халық тек президент емес, өз болашағы үшін таңдау жасап жатыр», — деді Назарбаев.

Сенат спикері Дариға Назарбаева №138 сайлау учаскесінде дауыс берген.

Премьер-министр Асқар Мамин таңғы 07:30-да дауыс берген екен.

Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова да алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз таңдауын жасады.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов бас қаладағы № 138 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс беріпті.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов та дауыс беріп, халықты сайлауға белсенді араласуға шақырды.

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов балаларымен бірге барып дауыс берген екен.

 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек дауыс беруге жарымен және ұлымен келді. Қала әкімі №40 мектепте орналасқан № 235 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов та өз таңдауын жасап, «Инстаграмм» желісінде халықты сайлауға шақырды.

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев №22 мектепте №75 сайлау учаскесінде дауыс берді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов дауыс беруге жарымен және төрт баласымен бірге барды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау уақыты бойынша 08:30-да дауыс берді.

Сондай-ақ, Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев та, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та өз учаскелерінде дауыс берген.

Нұр-Отан партиясының үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақ жол партиясының үміткері Дания Еспаева.

Ауыл партиясының үміткері Төлеутай Рақымбеков.

Коммунистер партиясының үміткері Жамбыл Ахметбеков.

«Ұлт тағдыры» республикалық ұйымының үміткері Әміржан Қосанов.

Кәсіподақтар федерациясының үміткері Аменгелді Таспихов.

«Ұлы Дала Қырандары» қозғалысының үміткері Сәдібек Түгел.

Президенттікке түскен жеті үміткер де өздері тіркелген сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берді.

Abai.kz

[:]