[:kz]
Мұхамеджан Тазабек Ринат Зайытовты сабырлыққа шақырды. Теріс пиғылды жандардың азулы ақынды арандатып отырғанын тілге тиек етті.
Мұхамеджан Тазабектің айтуынша, Ринаттай азаматты сақтауымыз керек. Қандай да бір қайғылы жағдайдың болмауын ойлауымыз керек.
«Ринатпен ренжіскен жеріміз жоқ. Ұлтқа қалай қызмет ету керек деген тұста, келіспейтін жерлеріміз бар болуымыз мүмкін, бірақ ол бір-бірімізді жек көрудің себебі емес. Алаңға шыққалы бері Ринатқа жаны ашып отырған ешкімді көрген жоқпын. Бәрі пайдаланғысы келеді. Жалындаған ақынды арқасынан қағып, алдына салып қойып отыр. Ринат өз пікірі бар ақын. Алаңға шыққаны да өз таңдауы. Дегенмен ағалық ақылымызды айтсақ артық болмас. Мұндайда сабырлыққа шақыруымыз керек. Ертең от тастап, арандатуға ұшыратса, Ринатты кінәлі қылып шығарады. Сол үшін Ринатты сақтауымыз керек. Ринатты да аяйын деп тұрған ешкім жоқ», — деп жазды Мұхамеджан Тазабек Facebook парақшасында.
Facebook парақшасынан
[:]