[:kz]
Ақтөбеде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның әніне ортаға шығып билеген алтын белгі иегері әп-сәтте жұлдызға айналды. Топ ішінен жалғыз өзі дараланған ару қаладағы №3 мектеп түлегі Сәбина Батенов деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі
Ең сүйікті пәні ағылшын тілі екенін айтқан алтын белгі иегері болашақта тіл үйренгенді қалайды.
«Ол жерде ұрысқан жоқпын. Тек үлкен кісілерден ұят болмасын және ертең бір жерде жүруден сақтық жасайық деп жай ғана орнына тұруын сұрадым. Сөйтсем, өзім қосылып Instagram-ның жұлдызы болып кетіппін», — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлназ Сартайқызы.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 6337 түлек мектепті аяқтаған. Оның 505 – і «Алтын белгі» иегері. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға – 5189 түлек ниет білдірген.
[:]