АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Торғайдың ұясы»: Жігер Ауыпбаевтың студент кезіндегі суреті елді күлкіге қарық қылды [:]

[:kz]

Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобына енді кірген кезіндегі суретін жариялап, елді күлкіге қарық қылды. Көпшілік танымал әншінің шаш үлгісіне қатты таңғалып, оны қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

«Меломеннің» экс-әншісі желі қолданушыларына өзінің жастық шақтағы суретін көрсеткен.

Ол Instagram парақшасын жаңартып, бұрынғы фотосын жариялады. Алайда Ауыпбаевтың оқырмандары оны фотодан бірден тани қоймаған.

Олар шоу-бизнес серісінің студент кезіндегі түрін көптеген танымал жұлдыздарға ұқсатып үлгерді.

«Сонда бұл жігіт қай жылғы болғаны? Мұндай прическа қай заманда болған» , «Мегамозг. Масқара қалай көтеріп жүргенсің шашыңды?» , «Қалай күлмейсің мынаған?» , «Қандай сусабынмен жудың?» , «Брюс Ли Ауыпбаев», «Корейлік Ку Чун Пе» , «Хабибтің бас киімі сияқты» , «Аң патшасы арыстан ғо» прическа» , «Торғайдың ұясы сияқты» , «Мынадан кейін қалпақтың керегі не?» , «Укладканы өлтіріпті» , — деп жазуда желідгелір.

 
  

[:]