АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстаннан шығарылған Ливан және Иордания азаматтары үйлеріне оралды. Оларды қалай қарсы алды[:]

[:kz]

Атырауда 29 маусым күні «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірген еді. Олар WhatsApp қосымшасындағы араб қызметкердің қазақ қызымен түскен суретін ерсі деп тауып, оны негізге алып, шетелдік жұмысшыларды соққыға шықты. Бірақ ақиқатына келгенде қазақстандық жұмысшылардың көтеріліске шығуына жұмыстағы теңсіздік түрткі болған. Таяқтың астында қалған шетел азаматтары өз елдеріне оралды, жергілікті басылымдардың мәліметінше қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы. Бұл туралы Royanews басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандықтар соққыға жыққан иорданиялықтар 2 шілде күні Амман қаласына жетті. Олар ұшақтан түскен бойда Әлия Халықаралық әуежайында Сыртқы істер министрі Айман Сафадимен кездесті. 

«107 джорданиялықтың ішінде 41 азамат жұмыстан айырылып қалмай, Иорданияға қайтып келуге өтініш білдерді.  Барлығы Иорданияға оралды» , — деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сафади өз еліне келген иорданиялықтарға ханзада II Хусейн ибн Абдалланың сәлемін жеткізді. Ханзада жақында болған инцидентке байланысты иорданиялықтардың өміріне қауіп төнбеуіне үлкен көңіл бөлді. Ол қала тұрғындарына қызмет көрсету және оларды қолдау өте маңызды екеніне тоқталып, иорданиялықтар қайда барса да құрметке бөленуі керектігін ескеріп өтті. II Хусейн ибн Абдалланың сөзінше, Иордания экспаттары дүние жүзі бойынша жұмыстары арқылы көздегеніне жететін, жұмысқа шынайы берілетін және тәртібімен ерекшеленетін тұлғалар саналады. 

Сондай-ақ, сол күні  125 ливандық Қазақстаннан Бейрут әуежайына ұшып келді.Қазақстандағы Ливан елшісі Джескар Хоури LBCI басылымына жұмысшылардың жағдайы жақсы екенін айтып берді. Премьер-министр Саад Харири осындай оқиғаның орын алғанына Higher Relief Committee компаниясының басшысы Мұхаммед Хейрді айыптады. Сонымен қатар, ол жұмысшаларды қарсы алып, ендігіде мұндай оқиғаның орын алмайтынына үміттенетінін айтты. 

«Ливандықтар премьер-министр Хариридің және ливандық абыройдың арқасында қайтып оралды», — деді ол мемлекеттік Ұлттық Жаңалықтар Агенттігіне.

Stan.kz

[:]