АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сен сияқты сұмырайға сатпаймын»: Белгілі актер сатушының қаҺарына ұшыраған[:]

[:kz]

Белгілі актер Серік Шәріп сатушының қаҺарына ұшырағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Ана жүрегі» телехикаясында жағымсыз рөлді сомдаған актер, туынды экраннан шыққаннан кейін дүкенде сатушымен жанжалдасып қалғанын айтты. Телехикаядан әсерленгені соншалық дүкенші актерге қажет нәрсесін сатпай, дүкенінен қуып шыққан. 

«Бір күні дүкенге барғанмын. Сонда сатушы маған ала көзімен қарап тұр. Мен апай, маған ананы бересіз бе, мынаны бересіз бе деп келіп тұрмын. «Қай бетіңмен келіп тұрсың, ұятың жоқ, жерді қалай басып жүрсің, кет бар көзіме көрінбей» дейді. Тәте, мен сізге не істедім деп түсінбей қалдым», — дейді Серік Шәріп.

Бастапқыда аң-таң болып, түсінбей қалған ол артынша дүкендегі теледидарды байқап қалған. Сөйтсе, келіншек телехикаяны көріп, қатты әсерленген екен. Екі түрлі ойда болған Серік Шәріп бұл еңбектің ақталғаны деп білемін дейді.

«Сөйтсем, дүкенде кішкентай теледидар бар екен. Содан телехикаямды көріп жүр екен. «Сен сияқты сұмырайға сатпаймын. Ананың жүрісі ол, бірі ауруханада жатыр, сатқын» деп көзіне қан құйылып кеткен. Мен екі жағдайда тұрмын. Бір жағынан қуандым, екінші жағынан шеберлігіммен сендіре білдім деп ойладым», — дейді Серік Шәріп.

Stan.kz 

[:]