[:kz]
Бокстасып жатқан Қайрат Нұртастың қызы жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында қызының бокс үйірімесіндегі бейнежазбасын жүктеген. Алау атты перзенттері спорттың бұл түрін өзі таңдап, қорғануға жақсы амал ойлап тапқан көрінеді. Әбдікәрімова ханымның айтуынша бокс қыз баланың нәзіктігін жоғалтады. Алайда, қорғана білген де артықтық етпейді.
«Өзін-өзі қорғауға дайындық. Жалпы қыз баланы қандай дайындық курстарға беруге болады екен? Біздің қыздарымыз өз қалауларымен 3-4 ай бокс үйірмесіне барды. Аз уақыт қатысқанымен, нәтижесі жаман емес сияқты. Бірақ, қыз бала нәзік болып қалғанына не жетсін. Осыны да ескерген дұрыс деп ойлаймын. Бір жағынан «Сақтықта қорлық жоқ» деп те ойлайсың», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Бейнежазбада Жұлдыз Әбдікәрімова қызына «Тұмсығынан ұр» деп кеңес берген. Алау Қайратқызы бар күшін салып бокстасып, кірісіп кеткен көрінеді. Бұны көрген желідегі жұрт та таңқалысын жасыра алмай, жарыса пікір жазған.
[:]