АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Анасы Қайраттың Шымкент сахнасында әнді орындай алмай қалғанына түсінік берді[:]

[:kz]

Қайрат Нұртастың Шымкентте қаланың «Құрметті азаматы» атағын алып, сахнада ән салған видеосы барлық әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда әншінің фонограммасы өшіп, өзі айтып жүрген әнді өте нашар деңгейде орындаған. Әрине ол видеода солай. Қайраттың анасы көпшілікке мұның не екенін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ.

«…Маған ақталып қажеті жоқ. Сонда да болса, жұртты кері пікірге итермелеп, осы уақытқа дейінгі Қайраттың бар еңбегін жоққа шығарғылары келіп отырған топтың құлақтарына алтын сырға.

Тапсырыспен Қайратты масқаралау үшін арнайы жасалынып отырған түрлі әдістері қара пиғылды азаматтардың елді дүрліктіруде. Барлық уатсаптарға түгел таратылсын деген дауыстық хабарламаларды қаптатып, жұмыс жасалынуда.

24 сағат бойына интернетте тұратын болсын деп ақша төлегендерін де естідік…

Біресе әр шыққан әншімен салыстыру бітпейтін шегі жоқ өсек, әйтеуір мін іздеу. Еліміздің басты мәселелері орын алып жатқанда, Қайрат кімнің қытығына тиді екен? Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау мұның қасында түк болмай қалғандай, бүкіл уатсапқа таратылсын деп дүрліктіріп әлек.

Әрбір істің артында қайыры бар демекші, Алла қайырын берсін! «, — деп жаздыі Қайраттың анасы

KYN.KZ.

[:]