АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әбдірахымов: Шымкентте қыздарды алып қашпайды[:]

[:kz]

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада қыздарды алып қашпайтынын айтты. Ол бұл тақырыптағы әңгімелерді ертегі деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгін өткен үкімет отырысынан кейін Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын 2023 жылға дейін дамыту жоспары туралы айтып берді. Сондай-ақ, туристерді қалаға тарту үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты. Әкімнің сөзінше, қаланы кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру үшін 1 трлн, 284 млрд теңге керек.

Журналистер Әбдірахымовтан қыздардың Шымкентке келуі қаншалықты қауіпсіз екенін сұрап, өңірдегі қыз алып қашу салтын еске салды. Алайда әкім мұндай әңгімелерді ертегіге теңеді.

«Шымкентте қыздарды алып қашпайды. Қазір осы тақырыпқа қатысты болып жатқан жайттарға қарап, мұның бәрі Шымкент туралы ертегі деп ойлаймын. Алайда кейде маған қыздардың өзі өзін алып қашқанын қалайтындай болып көрінеді», — дейді қала басшысы.

Stan.kz

[:]