[:kz]
Отандық әнші Бүркіт өзімен дуэт жазып жатқан ресейлік жұлдыз Наташа Королеваны үйінде қонақ етті. Өзге ел әртісі қазақтардың қонақжайлылығына тәнті болып, ұлттық тағамдардан дәм татқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды жұп қонақ күтіп жатқан сәтінен Instagramжелісіне видео жүктеп, өз оқырмандарын қуантты.
Бейнежазбада Наташа Королева өзінің ас-үстіне түсіп, сыйлы қонақ етіп күткен Аиша мен Бүркітке алғыс білдірген. Ресейлік әнші өзіне қазақ тағамдары ұнап қалғанын айтып, Қазақстанда қалуды ұйғарғанын жеткізді.
Оған қоса, Королева Аишаның келіндік қабілетін жоғары бағалаған.
«Таусылмайтын тамақ. Үй иесі қандай десеңізші. Не деген дәмді бәрі. Қонақжайлылықтарыңыз үшін үлкен рахмет сіздерге. Біз қайтқымыз келмейді. Болды, қаламыз» , — деді Королева.
[:]