АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыстағы апат кезінде үйінде қалған азамат сұмдық жайттарды айтты [:]

[:kz]

 

 

Арыстағы жарылыс кезінде қалың көпшілікпен бірге қаладан қашудың орнына өз үйінде қалған азамат не көргенін айтып берді. Төтенше жағдай орын алған күндері өз шаңырағында болған Әуелхан Назарқасым­ұлы 28 маусымда қайтып келген жерлестерін күтіп алған деп жазады «Замана» басылымына сілтеме жасаған  KAZ.NUR.KZ 

 
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: shyn.kz, "Замана" басылымы

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: shyn.kz, «Замана» басылымы

 

Тосыннан келген апат кезінде мыңдаған адамға, тіпті, өз әйел, бала-шағасына ілеспеген азамат көргенін егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Жарылыстар 24 маусым күні таңғы сағат 9.35-тің шамасында басталды. Оқ-дәрі қоймасы осы жерден тікелей тартқанда жеті шақырымдай қашықта, дегенмен бізге көрініп тұрады. Біраздан соң қаптаған адам, автокөлік нөпірі басталды. Әйелім үрейленіп, не істейміз деп жүр. «Қашыңдар!» – дедім. Олар да жұртпен бірге кетті. Он минуттай уақыттан соң жалғыз қалдым. Бір кезде снарядтар дүркіндете жарыла бастады. Бір әжейдің немересімен бірге қашып бара жатқанын терезенің ашық көзінен байқап қалып, суретке түсірдім, оны «Фейсбукке» тастадым. Сол кезде әйнектен жарылыс толқыны кіріп, шалқамнан құладым.

Қала тұрғыны бұл жағдайды біреу айтса, сенбес едім дейді. Қайта орнына тұрған қашып бара жатқан әжей немересін таппай қалыпты. Әуелхан олар көлікке отырып кетуі мүмкін деп топшылап отыр.

«Қысқасы, жарылыстар түнгі 3.30-дың шамасына дейін болып жатты. Бір кез тына қалады да, кенеттен қайтадан қатты жарылыс болады. Мен ол жөнінде «Фейсбукке» жазып отырдым. Маған жан-жақтан хабарласушылар өте көп болды. Сағат түнгі 3.30-да балам келді, «Шардара», «Бөген» су қоймалары ашылады деген сөздерді естіпті, мені әкетпекші болды, бірақ мен оған көнбедім. Содан таңғы 8-ден 10-ға дейін тағы да жарылыстар басталды. Кешкі 9-дарда жарық сөніп қалды. Түнгі 2-де мені әкетпек болып үлкен ағам келді. Оған да көнбей, үйде  қалып қойдым. Таңға дейін ұйықтамай отырдым»,- деді азамат.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери қоймадажарылыс орын алды.Зәресі ұшқан тұрғындар қаланы тастап кетуге мәжбүр   болды.

[:]