АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Асқар Мамин қоқыс жинап жүр[:]

[:kz]

Премьер-министр Асқар МАМИН «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады. Үкімет басшысы бастаған экологиялық акцияға қатысушылар Қоянды су қоймасы аумағын тазалады. Бұл бастаманы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ көтерген болатын.

«Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпы республикалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде ҚР Үкіметінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ, Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚБАЕВ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер бар.

Акция қатысушылары су қоймасы жағалауы аумағын қоқыстан тазартып, қоқыс жинайтын арнайы бактар қойды. Сары контейнерлерге өңдеуге болатын қалдықтар жиналса, жасыл жәшіктерге өңделмейтін қоқыстар салынды.

Жас Алаш 

Фото: government.kz

 

 

 

[:]