[:kz]
Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында түсінбестік орнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың полиция департаменті 20 шілде күні сағат 15:06 кезінде Ақмешіт пен Сығанақ көшелерінің қиылысында салынып жатқан Sheraton Hotel Astana қонақүйінде шетелдік және қазақстандық азаматтар арасында ұрыс болғанын растады.
«Бұған «Абу-Даби Плаза» құрылыс объектісінде жұмыс істейтін қыздардың бірінің шағымы себеп болған. Дәлірек өзіне шетелдік азаматтан келіп түскен SMS хабарламаға байланысты болған. Полиция қызметкерлері келіп тәртіп орнатты. Жұмысшылар үйді-үйіне тарасты. Ұрысқа қай азаматтардың қатысқаны белгілі болды. Тексеріс жұмыстары жүріп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, олар әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
[:]