АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әблязовтың ұлы «алтын виза» алатындардың қатарынан бір-ақ шықты[:]

[:kz]

Ұлыбританияда «алтын визаларға» қатысты шулы оқиға туындады. Британиялық БАҚ тілшілері зерттеу жасап, ауқатты шетелдіктер визаны өздерінің табыс көрсеткішін жасырып алды деген қорытындыға келген деп хабарлайды «Европейская правда».

Зерттеу барысында журналистер қаржы және құқық саласында консультациялық қызмет көрсететін компания қызметкерлері беделі төмен тұлғаларға виза алуға көмектесетінін анықтаған.

Олар «алтын визаны» атышулы Каддафидің туыстары, Таиландтың жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелген министрлерінің бірі, египеттік саясаткерлер, Иран мен Ирактың санкцияланған миллионерлері алғанын хабарлаған.

 

Олардың қатарында сонымен бірге бұрынғы КСРО азаматтары, украиналық олигархтар, Магниттік тізімдегі ресейлік азаматтар да бар.

The Sunday Times-тың хабарлауынша, олардың арасында қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың ұлы Мадияр да болған.

Ал «Европейская правда» басылымының мәліметінше, ондай азаматтарға виза британиялық экономикаға қосқан үлестері үшін беріледі екен. Ол үшін олар 2 млн фунт төлеулері тиіс екен.

Ресми түрдегі «бірінші деңгейдегі инвестор визасы» ауқатты шетелдіктерге Ұлыбританияда тұруға, кейін азаматтық алуға өтініш беру және төлқұжат алу құқығын береді.

[:]