АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] «Сауатың төмен»: Желіде қате жазған Қайрат Нұртас жұрттың сынына ілікті[:]

[:kz]

Еліміздің танымал Қайрат Нұртас тағы да көпшіліктің сынына ілікті. Бұл жолы желі қолданушылары хитменнің қатемен жазған пікірін көріп, оны қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

.

Өнер иесі әріптесі Төреғали Төреәлінің Instagram-ға жариялаған жаңа суретіне пікір қалдырады. Алайда Қайрат Нұртас төрт сөзді төрт қатемен жазған.

«Етен кетп баатым тукистанга», — деп жазған әнші.(ред: автордың сөзі өзгертілмей, сақталды)

Ал әншінің осы қатесіне 54 желі қолданушысы пікір қалдырған.

«Қай тілде жаздың?», «Қате-қате қылып, не жазғансың? Түсініксіз», «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін», «Осындай әзіл бар ғой», «Сені депутаттыққа лайық деді-ау кезінде»,

«Сауатың төмен екенін парақшаңнан-ақ байқап едім. Не ғой, ‘қ,ұ,ө,і» әріптерін орнымен жазуды қашан үйренесіз, мамасыңың бай баласы», «Сауатты жазсаңыз дұрыс болар еді» деп пікір білдірді желідегілер.

Фото: скрин

 KAZ.NUR.KZ.

[:]