[:kz]
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның коллегиясында науқастардың бірімен жанжалдан кейін бір тәулікке темір торға тоғытылған танымал ақтаулық хирургке қатысты пікір білдірді. Ол білікті дәрігердің оқиғасы жайлы ойымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Оның сөзінше, бұл мәселеден кадр проблемалары туындайды.
«Түлектерді ауылдарға тіркеу жөніндегі қызу жұмыс пен барлығы да қазір сұрақ астында қалды. Себебі, толықтай демотивация жүріп жатыр. Сол үшін мұндай заттарды анағұрлым ертерек қолға алу керек.
Сот шешкенше күтіп отырмыз. Кәсіподақтың оқиғаға қатысты пікір білдіруін естімедік. Меніңше, кәсіподақ дегеніміз қорғаушы жалдау, осы мәселелерге сүйеу болу мен адамды жалғыз қалдырмау үшін көпшілік үміттене қаржы құятын жер» , — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Біртанов өзінің Facebook парақшасында ақтаулық дәрігердің қамауға алынғанын әділетсіз санаған.
Еске сала кетейік, танымал ақтаулық хирург науқастарының бірімен жанжалдасып, темір тордан бір-ақ шықты.
Оны бір тәулік бойы темір торға тоғыту үкімін шығарған судьяөз шешімін түсіндірді.
[:]