[:kz]
Бұл эстафетаны ұйымдастыру танымал шымкенттік әзілкеш Марат Достаевтың идеясы болған. Ол өз парақшасында Ғабидолла Әбдірахымовқа алғыс айту шарасының шартын да түсіндіріп өткен.
Күні кеше Шымкент әкімі қызметінен босатылған Ғабидолла Әбдірахымовпен шымкенттіктер ғана емес, барша Қазақстан халқы қимай қоштасуда. Жұртшылық үшінші мегаполис басшылығынан кеткен шенеунікке өз алғысын жаудырып, оның құрметіне желіде арнайы эстафета ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әбдірахымовтың қызметінен кеткенін естіген көпшіліктің көңіліне қаяу түскен. Оған аталмыш эстафета дәлел болмақ.
Қала тұрғындары бұрынғы Шымкент әкімінің жетістіктері мен қала үшін істеген елеулі жұмысын атап өтіп, оған жоғарғы бағасын беруде. Желі қолданушылары эстафета аясында #Ғабекерахмет пен #Зыңәкімрахмет хэштегтерін қолданып, шаһардың бұрынғы басшысына алғысын білдіріп жатыр.
Бұл эстафетаны ұйымдастыру танымал шымкенттік әзілкеш Марат Достаевтың идеясы болған. Ол өз парақшасында Ғабидолла Әбдірахымовқа алғыс айту шарасының шартын да түсіндіріп өткен.
«Эстафетаның шарты! Шымкент қаласында әдемі жерлерді, немесе жалпы жасаған дүниелерін түсіріп лентаға салыңыз. Және #ГабекеРахмет#ЗыңӘкімРахмет хэштегтерімен инстаға жүктеңіздер. Хэштег арқылы көрсін ризашылығымызды! Содан кейін Ғабидолла Әбдірахымовты белгілеуді ұмытпаймыз. Ғабеке, Рахмет», — деп жазған Достаев.
Әзілкештің бұл бастамасын бірден қолдаған халық бірінен соң бірі #Ғабекерахмет деген жазбаларды жаудырып жатыр. Эстафетаны жалғаған танымал тұлғалар арасында отандық әзілкеш Марат Оралғазин да бар.
«Менің есімде қалған жалғыз әкім. Қаламыз шынында көркейіп қалды. Халықтың алғысымен талай жетістікке жетесіз деп ойлаймын. Эстафетаға қатыспай қалуға болмады #Ғабекерахмет», — деп жазды Шымкент тұрғыны.
«Шымкенттен басқа қалаға барғым келмейді! Қаламызға миллионды қала, мегополис мəртебесін де осы əкімнің кезінде алдық! Өзімді жайсыз сезініп, түсініксіз күйде отырмын! Əрине, қазақтың қай баласы да «сен тұр , мен атайын» ғой! Бірақ əкімге үйреніп қалыппыз. Бізге нағыз осындай, халықпен билік тілінде емес, халық тілінде сөйлейтін «трендовый» басшы керек еді. Арбаттың өзі қандай керемет жұмыс, қарап көріңіз» , — деп жазды желі қолданушысы.
«Ғабекең де тура солай, қолдаушы еді! Жастарды, жаңашылдықты, нағыз патриот. Бірге жұмыс істеген соң қаншама жиналысқа қатысып, өз көзімізбен жанында жүріп, атқарылған жұмыстарды көрдік. Нағыз шынайы эмоция адамы», — деп жазды Шымкент тұрғыны.
[:]