АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көпірден секіріп кеткен: Енесінің қорлығын көрген келіншек өзіне қол жұмсады[:]

[:kz]

Енесінің қорлығын көрген келіншек өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тәжікстан бас прокуратурасына сілтеме жасап. 

Тәжікстанда енесінің қорлығына төзе алмаған келіншек көпірден секіріп кеткен. Алайда, оқиға орнында болған куәгерлер әйелді құтқарып қалған. Тұрдиева Шоире есімді 46 жастағы келіншек ұлының әйелін келін болып түскен уақыттан бері балағаттап, намысана тиген көрінеді. Мұндай қорлыққа келіні шыдамаған.

«Әйел келінінің намысына тиіп, қатыгездік танытқан. Мұндайға төзе алмаған келіншек өз-өзіне қол жұмсаудан басқа шешім таппаған», — дейді прокуратураның баспасөз қызметі.

Бір жыл бойы енесінің қорлығына шыдаған келіні түскі 11:00 шамасында үйінен шығып, Сарбанд ауылының Джами ауданына қарай жүрген. Артынша көпірдің маңында тоқтап, Сир өзеніне секіріп, өз-өзіне қол салған. 

Қазіргі таңда 46 жастағы енесінің үстіне іс қозғалып, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Stan.kz

[:]