АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ашуға булыққан халық «Қорғастағы» қойманың астаң -кестеңін шығарды (видео)[:]

[:kz]

Қазақстан мен Қытай шекарасында ашуға булыққан халық кедендік тексеріс залында қалып қойған тауарлар сақталатын қойманы тас-талқан етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Видеодан кадр: angry_taldyk/Instagram

Видеодан кадр: angry_taldyk/Instagram

Кеше орын алған оқиға видеоға түсіп қалған. Бейнежазба Instagram желісіндегі angry_taldyk парақшасында жарияланды.

Видеоның астында наразы халық «Қорғас» қоймасының астаң-кестеңін шығарғаны жазылған. Оқиға қатысушылары арасында әйелдер мен балалар бар.

Ашуға булыққандар қақпаны күшпен ашып, санаулы секундтар ішінде қойманы тас-талқан еткен. Объектіні қорғап тұрған полицейлер оларды ұстап қала алмаған.

Алматы облысының Полиция департаментінде фактіні растады. Құқық қорғаушылар оқиға орнына полицейлер мен прокуратура қызметкерлері жіберілгенін хабарлады. Ашуға булыққан халықпен түсіндірме әңгіме жүргізіліп, жағдай реттелген.

Департаменттің мәліметінше, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тәртіпсіздікке қатысы барлар жауапкершілікке тартылмақ.

 
  

[:]