АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйелдердің «ашық шашық» жүруі еркектерді импотенция мен рак ауруларына алып барады — Мұхамеджан Тазабек[:]

[:kz]

«Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.

«Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде «Қыз-келіншектердің жалаңаштануы ең алдымен кімге зиян?» деген тақырыпта жазба қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жазбаны өзгертусіз, автордың пікірін сөзбе-сөз беріп отырмыз. 

«Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың «өз иесімен» қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе? «Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды). Орта есеппен, ер адам «жалаңаш денелерді» күніне 100-200 рет көреді. Ойы бұзылған оның құмарлығы қанағаттанбағандықтан, ағзасы ішкі канцерогендік, қиратушы шабуылға тап болып, онкологиялық ауруларға ұшырап тынады. Ақырында, 40 жасқа жетпей жатып ұрпақ сүю қабілетінен айырылады.

Осылайша, көшеге жалаңаштанып шыққан қыз-келіншектер өз денсаулықтарын құртумен қатар, ер адамдардың денсаулығына да қабір қазуда. Дәл осылай жалғаса берсе, ұрпақ сүюден қалған кез келген елдің түп-тамырымен жойылатыны анық.

Ал дінімізде әйелдің ашық-шашық киінуіне тыйым салынған. Оларға (харамға) қараған ер адамдар да үлкен күнәға бататыны айқын нәрсе», — деп жазды Мұхамеджан Тазабек Instagram-парақшасында.

sn.kz

[:]