АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мәні жоқ»: Алматылық альпинистерді іздеу жұмыстары кейінге қалдырылды[:]

[:kz]

Қазақстандық әскери альпинистер 2,2 мың биіктікте орналасқан Победа шыңының Қарқара лагеріне жетті. Алайда, құтқарушылар қолайсыз ауа райына байланысты жоғалып кеткен алматылық альпинистерді іздей алмайды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

 
 

Андрей Корнеев және Мұрат Өтепбаев. Фото: instagram.com

Андрей Корнеев және Мұрат Өтепбаев. Фото: instagram.com

Министрлікте атап өткендей, ауа райының қазіргі жағдайы альпинистердің жоғалуы мүмкін аумақты аралап ұшып шығуға мүмкіндік бермейді. Көшкін түсу қаупі бар

«Алдын ала нәтижесіз бағытқа шығудың мәні жоқ, іздеу аймағы өте кең және бірдеңе табу мүмкін емес»,-деп мәлімдеді құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцов.

Енді құтқарушылар аман қалған альпинистерді тепловизордың көмегімен іздеу үшін ауа райының жақсаратынына үміттеніп отыр.

Соңғы рет жоғалған альпинистер 6,5 мың метр биіктіктен байланысқа шыққан. Олар үш азаматтың біреуі қайтыс болғанын айтып үлгерген.

Ал жоғалған алматылықтардың туыстарыкөпшіліктен көмек сұрады. Қазақстан әскерилері Қырғызстанда жоғалған альпинистерді іздестіруде.

Алайда, құтқарушылардың жұмысына қолайсыз ауа-райы мен қар көшкінікедергі келтіріп жатыр.

 
  

[:]