[:kz]
Түркістан облысының Шардара ауданында үшем дүние есігін ашты. 33 жастағы келіншек пен күйеуінің жаңа туған нәрестелерден бөлек екі ұлы мен екі қызы бар деп хабарлайды Ernur.kz.
Жанерке, Аман, Есен есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Дәрігерлерінің көмегімен аяғы ауыр әйелге жүктіліктің 32 аптасында ота жасалып, шақалақтар 1740, 2250 және 2370 салмақпен дүниеге келді.
Ал, отағасы Төребек Сапаров ауылдағы білім беретін жалпы орта мектепте еңбек етеді.
Айта кетейік, жергілікті билік тамыз айының 17-не туылған үшемдердің де, анасының да жағдайының жақсы екендігін айтады. Тиісті көмектер көрсетіліп жатыр.
[:]