АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Асқар Мамин 18 мыңға Ақтөбе облысында күрте сатып алды[:]

[:kz]

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысына сапары кезінде жергілікті өндірушіден күрте сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министр сатып алған күртенің бағасы 18 500 теңге тұрады.

Асқар Мамин «Глобал Глобал арнайы киім» ЖШС-да болды. Аталған компания өңірдегі кәсіпкерліктерге киім тігумен айналысады. Киім цехын қарап шыққан үкімет басшысы өзіне қыстық күрте сатып алды. Кәсіпкерліктегілер бұл күртенің пішімі жетекшілерге арналып тігілгенін түсіндірді. 

«Барлығына кеңес беремін!» — деген Мамин ақшаны банк картасымен төледі. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Асқар Мамин Шымкентке сапары кезінде туфли сатып алған болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та отандық өндірушіден туфли сатып алғанын айтты. 

[:]