[:kz]
Ана мен бала бір жылдан кейін қауышты. Алматылық келіншектің бұрынғы күйеуі 3 жасар баласын Ресейге ұрлап әкетіп, туған анасына осы уақыт бойы көрсетпей келген дейді Еуразия бірінші арнасы
Ұрпағын бір көруге зар болған Дана Амеева Ресей соттарының табалдырығын тоздырған. Ақыр-аяғы бір жылдан астам уақыттан кейін ана баласымен қауышты. Сонда алматылық әйел 3 жастағы баласына қалай қол жеткізді? Қайтару барысында қандай қиындықтарға тап болды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Енді балалар бірге өмір сүреміз. Бәрі жақсы болады». Алматылық Дана Амеева бір жарым жылдан кейін өзіне оралған ұлынан бәр сәтке де айрылғысы жоқ. Бұрынғы күйеуімен араларында келіспеушілік туындап, екеуі ажырасып кетіпті. Алайда, әкесі ара-тұра келіп баласын көріп тұрған. Ал, былтыр 6 мамырда Хайуанаттар бағына апарып қыдыртамын деп, бірден Ресейдің Калининград қаласына тартып тұрған. Зар илеген келіншек содан бері соттасып, қоғамдық ұйымдардың көмегімен баласын қайтаруға мүмкіндік алған. Тараптар ұлдарын енді бірлесіп тәрбиелеу туралы келісімге келіпті. Бір жарым жасында Ресейге кеткен ұлы анасын бірден таныпты. біз оның үйіне барамыз». Дананың үлкен ұлы інісін ойлап ДАНА АМЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Біз иә келістік олар жазғы уақытта кездеседі. Қысқы уақытта кездеседі. Ол осында келеді, немесе қобылжыпты. Араларына қайта оралған бауырымен енді үнемібірге боламыз дейді. Кеше ғана Алматыған оралған Арсений үй іші, ауласымен енді танысуда.
ӘМІР ҰЛТАНБЕКОВ, АРСЕНИЙДІҢ АҒАСЫ: «Мен бауырымды қатты сағындым, қай жерде, не істеп жүр деп алаңдадым. Әуежайға күтіп алуға барғанда қатты қуандым. Үйге келген соң ойыншықтар сатып алып, бірге ойнадық. )) Дананың Ресейге алып кеткен ұлын қайтаруға Қазақстанның Ресейдегі елшілігі де қол ұшын созыпты. Келіншек баласының құжаттарын рәсімдеп балабақшаға беруді көздеп отыр. Дегенмен Дана күейімен баласын тек Қазақстанда кездессе қауіпсіз деп ойлайды. Ресейге баратын болса бұл жағдай тағы да қайталануы мүмкін деп қауіптенеді.
Еуразия бірінші арнасы
[:]