АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде «Димаштың қарындасы» деп таралған видео елдің түсінбеушілігін туғызды[:]

[:kz]

Желіде «Димаштың қарындасы «Любовь уставших лебедей» әнін орындады» деген тақырыппен берілген видео әртістің тыңдармандарына ұнамай қалды. Олар скрипкамен өнер көрсеткен бойжеткеннің Құдайбергендер әулетіне ешқандай туыстық қатынасы жоқ екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Видеодан кадр

Видеодан кадр

 

Видео Youtube желісіндегі Kaz Bloger тобында жарияланды.

Кадрдан зәулім тойханада әнші қыздың «Любовь уставших лебедей» туындысын шырқап, арасында скрипка ойнағанын, оның өнеріне қонақтардың қошемет көрсеткенін байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары:

«Бұл Димаштың қарындасы емес», «Димаштың қарындасының есімі Ақбикеш емес, Раушан», «Ұят емес пе, елді алдап! Бұл Димаштың қарындасы емес, ол небәрі 17-18 жаста. Ал мына ән шырқап тұрған қыз 22-25 жаста болуы керек», «Бұл қыздың Димашқа ешқандай қатысы жоқ. Қаралым жинау үшін тақырыпты солай қойған» — деп жазды олар.

 
  

[:]