АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]400 миллионнан астам Facebook қолданушының телефоны желіге жарияланып кетті[:]

[:kz]

400 миллионнан астам Facebook қолданушының телефон нөмірлері желіге ашық жарияланған. Осылай деп TechCrunch басылымы жазды.

Құпия сөзбен сақталмаған серверде әлеуметтік желі қолданушыларының телефон нөмірлері қамтылған жүз миллиондаған жазулар бар.

TechCrunch келтіргендей, онда қолданушылардың аты-жөні, жұмыс істейтін жері туралы мәліметтер бар. Базаға АҚШ азаматтарының 133 миллион, Вьетнам азаматтарының 50 миллион, Британия тұрғындарының 18 миллион аккаунты бар.

Басылым бұл мәліметтердің ашық жариялануы алаяқтар тарапынан SIM-карталарды алмастырып қоюға, спам жөнелтуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Шілде айында АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы қолданушылардың жеке мәліметтері ашық шығып кеткені үшін Facebook компаниясына бес миллиард доллар айыппұл салған.

Facebook компаниясына қатысты тергеу 2018 жылы басталған. Онда журналистер Дональд Трамптың президенттік сайлау кампаниясында британиялық «Cambridge Analytica» компаниясы әлеуметтік желі қолданушылардың мәліметтерін пайдаланды деп айыптаған. Аталған мәліметтер сайлау қорытындысына кері әсерін тигізгені айтылған.

Abai.kz

 

[:]