[:kz]
Күні кеше Қарқаралыда Жанар Хамитованың денесі жер қойнына тапсырылды. Әншінің қазасына қайғырған көпшілік арасында өнердегі әріптестері де болды. Ерке қыздан айырылып, есеңгіреген жақындары марқұмның соңғы күндері қалай өткенін айтып берді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше күн бұрын ғана туған жеріне оралған Жанар о дүниеге аттанады деп ешкім ойламаған. Сахнадан бас тартқан соң Қарқаралыға аттанған әнші бір түн анасының, екінші түні әкесінің жанында ұйықтаған екен.
«Мен әке-шешемнің жанына келдім. Маған тыныш болады, жақсы болады» деді. Сол ақырғы кездескенім, ақырғы бетінен сүйгенім екенін кім біліпті? Ойлаған жоқпын, оны ешкім де білмеді. Әке-шешесі де білмей, өкініште қалды. 5-10 минуттың ішінде болған жағдай», -дейді марқұмның жеңгесі Сәния Хамитова.
Дер кезінде келген дәрігерлер әншінің өміріне араша түсе алмай, жүрегі тоқтағанын хабарлапты. Ал 12 қыркүйек күні әріптесінің даусын естіген Әбу-Кай оның жүрегі ауырып жүргенін естіген екен.
«Сол кезде «жүрегім ауырып жүр» деп айтқан. «Емделіп жүрмін» деген сияқты жазды да, кейін өшіріп тастады», — дейді ол.
Дереккөз: 31 арна
[:]