[:kz]
Қарағандыда ұлы ақын, ойшыл, қоғам және саяси қайраткер Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған салтанатты шараның шарықтау шегі орталық саябақтағы алаңда ашық аспан астындағы концерт пен аяқталды.
Жетекші жергілікті ұжымдармен бірге қазақстандық эстрада жұлдыздары: Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова, Бауыржан Исаев, «Асыл» аспаптық триосы өнер көрсетті. Қатысушылар Сәкен шығармаларын орындады.
Концерт Қарағанды облысының әкімдігі мен NurOtan партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Сәкен Сейфуллиннің мерейтойы өңірімізде кең көлемде атап өтіліп жатқанын тілге тиек етті.
Жақында облыс орталығында халықаралық айтыс аяқталды. Жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өтті. Сәкен Сейфуллиннің туған жері-Жаңаарқа ауданында ұлттық сусынымыз қымызды бүкіл әлемге паш етті. Көптеген конференциялар, кездесулер өтті, онда «Рухани жаңғыру» және халық мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.
Біздің жастарымыз лайықты үлгі болатын ұлттық батырларымызды білуі тиіс. Қиын кезеңде Сәкен аға қазақ халқы үшін көп нәрсе жасады. Ол секілді алып тұлғаларымыз аз емес еді. Біз барлығымыз үш Бәйтерегіміз: Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәкен Сейфуллинді білеміз. Олар бір уақытта өмір сүрді, біржол мен жүріп, өз көзқарастары үшін өмірлерін қиды.
Осы бір ғұлама бабаларымыз бекер құрбан болған жоқ – олардан кейін еліміз бен халқымыз тәуелсіздік алды. Азаматтық ерліктері туралы естелік пен алғыс ұрпақтан, ұрпаққа беріліп, оларды сақтауымыз керек, — деп атап өтті Абзал Нүкенов.
Концерт Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнімен ашылды. Оны қазақстандық эстрада жұлдыздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Бауыржан Исаев пен Алтынай Жорабаева орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Әбділманов Сәкеннің «Аққудан айырылғанда» поэмасын оқып, осы кезде би ұжымдары тамаша хореографиялық қойылым жасады.
Алматыдағы қоюшы-режиссердің айтуынша, концерттік бағдарлама бірнеше ай бойы дайындалды.
Жыл басында Сәкен Сейфуллиннің мерейтойын атап өту туралы жариялағанда жобаның идеясы дүниеге келген. Бірнеше іс-шаралар оның туған жерінде, театрларда өтті. Маусы майында концерт бағдарламасы бекітілді және біз жұмысты бастадық. Көрермендер жаңа әндерді тыңдады.
Шығармалар оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды. Фон сапасы бойынша бағдарлама бойы сахнаның бүйірлік қабаттарында статикалық хореографиялық композиция орындалды, — деді ол.
Концерттік қойылымға Тәттімбет атындағы Қазақ академиялық оркестрі қатысты, фольклорлық ансамбльдер, қарағандылық театрлардың танымал жергілікті әншілері мен актерлері өнер көрсетті.
Новости Казахстана. Алтынорда
[:]