АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бәрі мені Путин дейді»: Қырғызстанда Ресей президентінің «егізі» тұрып жатыр (видео)[:]

[:kz]

Қырғызстанның Джалал-Абад облысы Созақ ауданы Сафаровка ауылында Ресей президенті Владимир Путиннің «егізі» тұрады. 34 жастағы ауыл тұрғынын достары, таныстары жалпы көрген адам Ресей президентіне қатты ұқсатып жатады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: obltv.ru/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: obltv.ru/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

Бүгінде Путиннің «егізі» атанып кеткен азаматтың үш баласы бар. Ол ауылда тракторшы.

Медетбектің сөзінше, 7-сынып оқып жүрген шығында достары оның Ресей көшбасшысымен ұқсастығын байқаған.

«Достарым әзілдеп менің оққағарларым секілді жүретін», — деп есіне алды сол кезді ер адам.

Қырғыз азаматы Ресейде бірнеше жыл гастарбайтер болып жұмыс істеген уақытында ол жақтығы ресейліктер де Медетбекке Путинге ұқсайтынына назар аударған.

Олар ер азаматқа спорттық емес, классикалық стильде киініп жүруге және «Қызыл алаңда» Путиннің егізі болып жұмыс істеуге кеңес берген.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Бүгінде бір үйдің отағасына айналған Медетбек Ресей көшбасшысымен кездесуді қалайды. Алайда ол мүмкін емес деп санайды.

Ал тілегі қабыл болып, Путинмен кездесе қалған жағдайда, оған өзі сияқты президент болғысы келетінін айтпақшы.

Себебі Медетбек Қырғызстан елінің президенті болып, халық үшін еңбек етуді армандайды.

 
  

[:]