АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкенттегі жанжалға Өзбекстан араласты[:]

[:kz]

Шымкент қаласындағы Инновация академиялық университетінде оқитын өзбек студенттері жақында әлеуметтік желілер арқылы видеоүндеу жасады. Онда студенттер жергілікті тұрғындардан қысым көргенін айтқан.

21 қыркүйекте Шымкентте Өзбекстан елшісі Саидикром Ниязходжаев, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысқан жиналыс болды.

Онда Шымкент қаласында оқитын Өзбекстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі мен Алматы қаласындағы бас консулдығы жағдайды бақылауға алған. Өзбек студенттеріне дипломатиялық өкілдік қорғауында екені хабарланған.

«Бұл мәселе Шымкент билігімен бірге шешіледі. Жергілікті билік дипломатиялық өкілдік жұмысына қолдау көрсетіп отыр» делінген Өзбекстан СІМ мәлімдемесінде.

Abai.kz

[:]