АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде алты жасар қызды зорламақ болған қарияға үкім шықты[:]

[:kz]

Ақтөбеде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  соттында 74 жастағы тұрғынға үкім шықты. Қария алты жылын абақтыда өткізетін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Егде жасқа келген тұрғын жасөспірімге азғындық әрекеттер жасамақ болғаны үшін айыпталды.Оқиға көктем мезгілінде «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында тілкелген болатын. Ер адам арам ойын іске асыру үшін тал түсте ойнап жүрген кішкентай қызды чупа-чупс беріп алдап шақырып, ұятты жеріне қол тигізген.

Оқиғаға куәгер болған тұрғындар азғынды ұстап, полиция шақырған. Жас балаға қиянат жасамақ болған қарияның әрекеті сотпен дәлелденді.

Сотталушы алты жыл абақтыда отыратынын естігенде «Ол уақытқа дейін өмір сүрмеймін шығар» деді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

 
 

[:]