АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытай компаниясындағы төбелес: Ауыл азаматтарын қамап жатыр[:]

[:kz]

Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылының азаматтарын полиция ұстап жатыр. Бұл туралы «Жас АЛАШ» редакциясына ауыл азаматтары телефон арқылы хабарлады.

Қызылағаштық азаматтардың қамалуы «CITIC Construction Co LTD» жол жасау мекемесіндегі жанжалдан басталған. Қытайлық компания Талдықорған-Өскемен тас жолын салып жатыр. Талдықорғанан отыз шақырымдай жердегі Қапал бұрылысында орналасқан базада жұмысшылар арасында төбелес болған.

«Алғашында төрт шетелдік азамат жергілікті бір азаматты ұрған. Содан кейін ауыл жігіттері жиырма қытай азаматын ұрған. Ол жерде полиция болды. Қазір жігіттер қамалып жатыр. Ауылға журналистер келсе дейміз», — дейді Бағдар есімді азамат.

Полиция осы төбелеске қатысты  Рысалдинов Берікбол, Үйсінбаев Азамат, Мұхаметалин Бейбіт, Нұрбол есімді жігіттер қамалыпты.  

«Жас АЛАШ» 

[:]