АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарны ашқан ер адам унитаздан балық аулап жеймін деп кептеліп қалды[:]

[:kz]

Қытайда ер адам унитазға түсіп кеткен балықты ұстап аламын деп кептеліп қалды. Құтқарушыларға ер адамның қолын унитаздан шығару үшін жарты сағат қажет болды. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Тайцзян округінде орын алған. Ер адам түскі асқа тірі балықты қуырып жемек болған. Ол балықты жатақхананың дәретханасында тұрған шелекке салып қойған екен. Қытайлық ер адам оны тазалау үшін шелектен алмақ болған кезде, балық қолынан шығып кетіп, унитазға түсіпті. Осыдан кейін ер адам унитаздан балықты алып шықпақ болып, кептеліп қалды.

Қарны ашқан ер адам унитаздан балық аулап жеймін деп кептеліп қалды

Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде, олар дәретхананың еденінде жатқан ер адамды көреді. Ер адамның бір қолы унитазға кептеліп қалған екен.

Құтқарушыларға ер адамның қолын шығарып алу үшін жарты сағат қажет болды. Олар бетон мен қыш материалды ақырындап кесіп, осылайша азаматтың қолын босатты.

Қарны ашқан ер адам унитаздан балық аулап жеймін деп кептеліп қалды

Басылымда хабарланғандай, қытайлық ер адам оқиға салдарынан зардап шекпеген. Тек қолы ісіп кетіпті. Ал балықты табу мүмкін болмапты.

Stan.kz

 

[:]