[:kz]
Өзбекстанның Наманган қаласындағы «Чорсу» базарында сақал қойған азаматтарға қатысты арнайы рейд жүргізілді.
Олардың біріне ескерту жасалса, енді бірін милиция бөліміне апарып, сақалын қырып тастаған. Өз еркімен көнбегендерге оның арты неге соғатыны туралы түсіндірілген.
Дегенмен бұл істер бейресми түрде жүргізілуде. Билік тарапынан жазбаша бұйрық жоқ, неге бұлай болып жатыр деген сұраққа олар тарапынан жауап та жоқ. Ал қарапайым адамдар тарапынан бұл жөнінде сөз гулеп, көрші елдерге дейін жетіп жатыр.
Өткен тамыз айында Ташкентте де осындай жайлар орын алған. Милиция сақалын зорлап қырғызып тастаған бір азаматтар бұл жөнінде әлеуметтік желіде хабарлаған. Ал ресми билік оны жалған ақпарат деп мәлімдеген болатын.
Қысқасы, Өзбекстанда сақалға қарсы құпия науқан жүріп жатқан сияқты. Жалпы, мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Өйткені билік діни радикалдардан сақтанады. Олардың 1991-жылы үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасап, бірнеше жарылыстар ұйымдастырғаны белгілі. Содан кейін сақал мен хиджабқа қарсы қатаң науқан жүрген еді. Кейін біршама жеңілдіктер жасалғанымен бұл елде сақал қойғандарға деген көзқарас түбегейлі өзгерген жоқ.
Н. ӘБДІ.
.zamana.kz
[:]