[:kz]
Әншілердің арасында «ән айту харам» деген сөз тіркесі «сәнге» айналып кетті. Мәселен, микрофон ұстап ән айтқандарын емес, мешітке барғандарын мақтан тұтатын әншілер көбейді. Ал наиб имам бұл туралы не дейді? «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.
Дін үшін сахнадан алыстап кеткен әншілер жоқ емес. Ал наиб имам Фархат Исаұлы әннің де екі түрі болатынын айтады.
«Адам баласын азғындыққа итермелейтін, күнәлі іске итермелейтін жаман ойлауға итермелейтін, нәпсіқұмарлыққа итермелейтін бұл әннің музыканың түрі ашық тыйым салынған. Ал енді екінші адамға керісінше адамға рухани пайда әкелетін, ішкі сезімдерге дұрыс көңіл бөлетін, мысалыға патриоттық сезімді күшейтетін әндер рұқсат етілген»,- дейді ол.
[:]