[:kz]
82 жасында өзінен 45 жас кіші бикешпен шаңырағын жаңғыртқан Нұрғали Нүсіпжанов тойдан кейін алғаш рет сұхбат беріп, әйелінің қай қылығы баурап алғанын айтты деп жазады Shownews.kz ақпарттық порталы.
Өнер иесінің келіншегімен таныстығы осыдан 5 жыл бұрынғы түсірілімде бастау алған.
«Қымызды кім ішпейді, қызбен кім сөйлеспейді. Бұл талқыланатын үлкен бір тақырып емес. Адамдардың ой арманы, адамдық қасиеттері жақындасады. Кез-келген адаммен тіл табысып кете алмайсың. Жадыраны түсірілімде жолықтырдым. Біз сұхбаттарда да кездесіп жүретінбіз. Оның істеген еңбектерін бағаладым. Келіншегімнің адалдығы, сауаттылығы мен еңбекқорлығы мені тәнті етті. Бұл неке екі жақтың келісімімен, ризалығымен болды», – деді өнер иесі.
Нүсіпжановтың алғашқы некесінен үш, екінші отбасынан қос қызы бар. Әкелерінің егде жаста үшінші рет шаңырақ көтеруіне бес перзенті де қолдау көрсетіп, жақсы қабылдаған.
«Бұл некені қыздарым жақсы қабылдады. Қарсылық танытпады. Керісінше маған қолдау көрсетіп, түсінікпен қабылдады. Қыздарыма ризамын», – деді әнші.
[:]