[:kz]
Ринаттың Димаш туралы пікірі — бос сөз, далбаса әңгіме.
Осы жігіт кезінде Димаштың әнін қабылдамады. «Андағыңды қой, өнер емес бұл» деп білгішсінді бұл көз алдындағы жауһарды көрмей. Ал, сол Димаштың қазір кім екені анық белгілі болды. Сөйтсе, Димашқа бар болғаны ринаттардың емес профилердің алдына шығу керек екен.
Өткенде ютубта бір американдық пен еуропалықтың Димаш жөнінде дауласып отырғанын көрдім. Біреуі айтады «бұндай адам жүз жылда бір рет қана туады» дейді, оған екіншісі дау айтады «бұндай адам жүз жылда да туылмайды, бұл уникум» дейді. Тіпті, Лара Фабиан Димашты «өзге ғаламшардан келген бала» депті.
Алайда, Ринат та алған бетінен қайтпады. «Димаш таза қытайдың жобасы»» деп салды. Соған біздегі біраз ноқай сенді. Бірақ, қазір осындай логикамен қарап отырсақ, Димаш И. Крутойдың, я Ресейдің жобасына көп келеді екен. Ал ертең Димаш Еуропаны немесе Американы бағындырам десе ше?
Қысқасы, Ринаттың Димаш туралы пікірі — бос сөз, далбаса әңгіме.
Одан бұл жігіт ауызы көбіктеніп жұртқа Қосановты үгіттеді. Бойкотшы жұрт бұның бетін қайтармақ боп әрекет жасаса оны да тыңдамады. Аяғына шейін Қосанов деп қуды, өзі де қателесті, дүйім жұрт бұған сеніп тағы алданды. Онысы айқын қателік боп шыққаннан кейін бұл «ұялған тектұрмастың» әрекетін жасап, жұрттың алдында ирелеңдей салды. Сосын «заң жаттап партия ашамын» деп елді үміттендіріп елең еткізген еді, РОВД дан кейін бұның ол идеясы да қате идея боп шыққанын өзі де түсінді. Әйтпесе, заң тұрмақ Маркстың бес томын жаттап алатын уақыт өтті. Бұл жігіт орыстың кәмелетке толмаған шөпжелке қыздарындай жиі қателеседі. Бірақ, бір жаманы өзі сонысын мойындай білмейді екен.
P. S. Ринатжан, қашан саған ақыл кіреді екен? Жұртты әбден шатастырып болдың ғой.
Олжас Әбіл
Facebook парақшасынан
sn.kz
[:]