АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алатауға қоқыс тастаған туристерге 353 мың теңге айыппұл салынды[:]

[:kz]

«Біз кіре берісте қоқыс қалдыруға болмайтынын ескертеміз. Соған қарамастан, қоқыс қалдыратын адам көп».

Алматыда жыл басынан бері тауда қоқыс қалдырған туристерге 350 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат», Іле Алатауы ұлттық паркінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяуда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жосалы көлі (Үлкен Алматы) мен Медеу демалыс орындарында қоқыс өте көп екенін ескерткен болатын.

«Жазда бұл жерлерге келетін турист өте көп. Өкінішке орай, олардың ішінде жауапкершілігі төмен адамдар аз емес. Біз кіре берісте қоқыс қалдыруға болмайтынын ескертеміз. Соған қарамастан, қоқыс қалдыратын адам көп. Қоқыс, әсіресе, Алматы шатқалында көп. Оны тазалау үшін арнайы адам жалдаймыз», — деді ұлттық парктің заңгері Сұлтан Қожанов.

Парк өкілі ескертуді бұзған адамдарға айыппұл салынатынын айтты.

«Біздің инспекторлар паркті аралап жүреді. Олар тек көзімен көрген адамдарға ғана айыппұл сала алады. Ал көрмеген адамды әкімшілік жауапқа тарта алмайды. Жыл басынан бері 9 айда тұрмыстық қалдықтарды қалдырғаны үшін 26 заңбұзушылық тіркелген. 353 042 теңге айыппұл салынды. Оның 302 097 теңгесі төленді», — деді заңгер.

[:]