АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тоңазытқыштағы сәби өлімі»: Ноғаев перинаталдық орталықта қазір не болып жатқанын айтты[:]

[:kz]

Атырау облыстық перинаталдық орталығында бірде-бір дәрігер жұмыстан шыққан жоқ. Перзентхана штатты режимде жұмыс істеп тұр, оның тек бір бөлімшесі ғана жабылған. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Перинаталдық орталық жабылған жоқ. Оның тек бір қабаты ғана санитарлық нормаларға сәйкес келмегендіктен жабылды. Ал сол жердегі жүкті әйелдерді қалалық ауруханаларға орналастырдық», — деді өңір әкім бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, перзентханадағы ауа айналым жүйесі жөндеуден өткен.

«Қажетті сараптама аяқталған соң, жүкті әйелдерді қайтадан сол жерге ауыстырамыз. Перинаталдық орталық жабылмайды. Ол жұмыс істеп жатыр», — дейді Ноғаев.

Бұған дейін тоңазытқыштан табылған сәби өліміне қатысты іс қозғалғаннан кейін перзентхана дәрігерлері жаппай жұмыстан кету туралы арыз жазған еді.

Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, бүгінде ешкім қызметінен кетпеген.

«Қазір төрт дәрігер арызын кері қайтарып алды. 28 дәрігермен түсіндіру жұмысын жүргізудеміз. Оларға кәсіби маман ретінде медицинаға қолдау көрсетіп, жұмысын әрі қарай жалғастыруы керектігін айтып жатырмыз. Қазір ешкім жұмысынан шыққан жоқ», — деді облыс әкімі.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.

Кейінірек, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасап, оқиғаға қатысты министрліктің ұстанымын айтты.

Сондай-ақ, осы шудан соң республиканың әртүрлі аймақтарындағы дәрігерлер әріптестеріне көмектесу үшін Атырауға аттанған еді.

 

[:]