АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бәйгенің аты – Димаш болса, көкпардың аты – Қайрат»: Гүлзира Айдарбекова оқырманына ашуланды[:]

[:kz]

«Гүлзира әпке, сіз жақсы іс-шаралар жасайсыз. Бірақ, ішкен-жегеніңізді түсіргеніңізді түсінбеймін. Димаштың ата-анасы Света мен Қанатқа халықтың бір кері пікір жазғанын көрмейміз», – деді Берік есімді желі қолданушысы.

Желідегі жұртпен жиі жанжалдасатын Гүлзира Айдарбекованың басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Shownews.kz. қа сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы,

Әр жүктеген посты бірден сынға ілігетін Гүлзира Айдарбекованың жаңа жазбасы оқырмандарының назарынан тыс қалмады. Қайырымдылық жобасында түскен сурет пен бейнероликті желіге жүктеген продюсерге бейтаныс оқырманы теріс пікірді бағыттаған.

«Гүлзира әпке, сіз жақсы іс-шаралар жасайсыз. Бірақ, ішкен-жегеніңізді түсіргеніңізді түсінбеймін. Димаштың ата-анасы Света мен Қанатқа халықтың бір кері пікір жазғанын көрмейміз», – деді Берік есімді желі қолданушы.

Бұл жазба Гүлзира ханымның қытығына тиген секілді, Қайраттың анасы хэйтердің сыни пікірін жауапсыз қалдырмады.

«Маған анау анадай, мынау мынадай деп қайтесіз? Мен Димаштың ата-анасы бола алмаймын, олар мен бола алмайды. Әр адамның жеке өмірі болады. Мүмкін халықпен жақын араласатын шығармын. Ауыл-аймақты аралап, халықтың ортасында жүріп бастағаныма 13 жыл өтіпті, сіздермен етене араласпасам, әңгіме болмайды. Сізге солай қажет болғанымен, басқа оқырмандарыма әрбір күнімнің қалай өтіп жатқаны қызық, менімен ашық сөйлескісі келеді. Өзім де оқырмандарымсыз бір күнімді де өткізгім келмейді. Халықтың қандай қарым-қатынаста екенін Светаның «подписчигі» арқылы байқауыңызға да болады. Бірақ, ол Қазақстаннан бақытын тапқан жоқ, шет ел асып, бүкіл әлемді мойындатты. Ал маған шет ел асып мойындату емес, өз жерімізде халқымыздың құрметімен жетістікке жетуді Алла бұйыртты. Бәйгенің аты мен көкпардың атын салыстыра алмаймыз ғой. «Бәйгенің аты – Димаш болса, көкпардың аты – Қайрат»- деп теңеу айтайын. Екі ат бір-бірінің жасағанын жасай алмайды, өмірде адамдар да солай», – деді Қайраттың анасы.

Ғаламтор қолданушылары қос әншінің қабілетін осы уақытқа дейін де салыстырған. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова: «Қайрат – жер, Димаш – көк», – деп баға берген болатын.

[:]