АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Іс 3 ай қаралды: Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген әзілкешті судья ақтап шықты[:]

[:kz]

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов арасындағы сот ісі аяқталды. Судья істі Шәріповтің пайдасына шешті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сот ақтап шықты. Жұма мүбәрак! Берекелi күн, мен үшiн. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қыздарының ары үшiн соттан бiр-ақ шығам деп кiм ойлаған? 3 айға созылған сот өз мәресiне жеттi. Сот менi: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкiмнiң абыройына нұқсан келтiрген жоқ. Ол тек өз ойын айтты деп ақтады.

Заңды түрде әдiл шешiм шығарған Есiл аудандық №2 сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды бiлдiремiн. Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер! Менi уайымдағандарыңыз үшiн бәрiңiздi жақсы көремiн!» — деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ләйлә Сұлтанқызының танымал журналист пен әзілкешті сотқа бергені туралы хабарлаған едік. Осы жағдайға қатысты Арман Сқабылұлы пікір білдірген болатын. 

Stan.kz 

[:]